Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатында ширек финалға шықты

    Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатында ширек финалға шықты

    Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Хабар24-ке сілтеме жасап.

    57 келідегі отандасымыз Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Мохамад Зульхайнмен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Ол қарсыласын екінші раундта-ақ тізе бүктіріп, нокаутпен ұтты. Оның келесі жекпе-жегі 5 желтоқсанға жоспарланған. Артынша Бейбарыс Жексен 60 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дилшод Абдумуродовпен кездесіп, қарсыласынан айласын асырды. Қорытынды есеп: 4:1.

    Сондай-ақ 67 келіде өнер көрсететін боксшымыз Дулат Бекбауда да ширек финалға жолдама алды. Ол Тайпэй спортшысымен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Мұндағы қорытынды есеп: 5:0.

    Қазіргі уақытта ең мықты Америка, Еуропа басқа континенттерді алсақ, ең мықтысы біздің Азия құрлығы болып отыр. Жарыс жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын. Қазір әлем және олимпиада ойындарында бірінші орында жүрген ол Өзбекстан құрамасы. Ең басты қарсыластармыз сол деп ойлаймын, — деді  бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов.

    Азия чемпионаты басталмай жатып, 5 медаль жеңіп алған едік. Яғни жоғары салмақтардағы Бекзат Нұрдәулетов пен Айбек Оралбай жарыс жолын жартылай финалдан бастайтындықтан кемі қола жүлдеге ілігіп тұр.

    Ал әйелдерден Гүлсая Ержан, Елдана Тәліпова және Наталья Богданова да үздік үштіктің қатарында тұр. Жалпы бокстан ерлер құрамасы сары құрлық бәсекесінде 13, әйелдер 12 салмақ бойынша сынға түседі. Жарыс 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →