Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды

«Білімге келген қасірет – бүкіл ұлттың қаупі»: Қоғам қайраткері аталмыш салада былық көп екенін айтты (ВИДЕО)

«Білімге келген қасірет – бүкіл ұлттың қаупі»: Қоғам қайраткері аталмыш салада былық көп екенін айтты (ВИДЕО)

Қоғамдық қорға жиналған миллиардтаған ақшаны жымқыратын адамның артында мықты «крышасы» болу керек. Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері, бірнеше кітаптың авторы Амалбек Тшанов «Qasqa jol» ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сондай-ақ ол елді елең еткізген Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қор басшысының ұсталуы біздің елде таңсық дүние емес. Ол тіпті, білім саласындағы ел біле бермейтін жағдайларды айтып берді. «Балық басынан шіридіні» берік ұстанатын бағдарлама қонағы «мұғалімдер сауатсыз, білім саласын жемқорлық жайлаған» деген пікірде.

«Білім беру саласы жемқорлыққа батқан деп айтуға негіз бар. Қазір мұғалімдердің басым көпшілігі сауатсыз. Университеттен, институттан алған білімдері жоқ. Білімге келген қасірет – бүкіл ұлттың қаупі. Ал енді оқушыларға, студенттерге мұғалімдер қауымын алдауға, пара беруге рұқсат беріліп қойса, білім деңгейі төмен болады. Бізде 30 жылдың ішінде 16-ға жуық министр ауысты. Келген министрдің бәрі реформатор. Өмірінде бір күн мұғалім болып жұмыс істемеген. Мен талай жыл Парламентте жұмыс істедім ғой. Сол кездерде 1 млн доллар ақшаны чемоданмен Білім министрінің кабинетіне алып барып жүргендерді көрдім. Қазір ол жігіт өмірден өтіп кетті. Бұл шындық жағдай», — деді ол.

Бұдан бөлек, Амалбек Тшанов Нығматулиннің пәтерлері, Шарлапаевтың министрлігі, саны бар сапасы жоқ депутаттар ойын бүкпесіз жеткізді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →