Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Ертең Чиангмэйде (Тайланд) бокстан Азия чемпионаты басталады. Бүгін жарыстың жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Қазақстан құрамасы 13 салмақ дәрежесі бойынша да бақ сынайды.

    48 келі. Санжар Тәшкенбай — Мехрон Шафиев (Тәжікстан)/Анваржан Ходжиев (Қырғызстан) — 1/4 финал;
    51 келі. Сакен Бибосынов — Асильбек Жалилов (Өзбекстан)/Давадорж Лхагвадорж (Моңғолия) — 1/4 финал;
    54 келі. Махмуд Сабырхан — Ян-Лин Лай (Тайвань) — 1/8 финал;
    57 келі. Оразбек Асылқұлов — Зульхайлан Мохаммад (Малайзия) — 1/8 финал;
    60 келі. Бейбарыс Жексен — Дильшод Абдумородов (Өзбекстан) — 1/8 финал;
    63.5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Марк Эшли Фаярдо (Филиппин) — 1/8 финал;
    67 келі. Дулат Бекбауов — Жа Юн Ван (Тайвань) — 1/8 финал;
    71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Чи Син Ли (Тайвань)/Байрамдурды Нурмухамедов (Түрікменстан) — 1/4 финал;
    75 келі. Диас Молжигитов — Дайга Сунага (Жапония) — 1/4 финал;
    80 келі. Ерасыл Жақпеков — Сагын Сатыбалды Уулу (Қырғызстан) — 1/4 финал;
    86 келі. Бекзад Нұрдәулетов — Данил Жасан (Украина) — 1/2 финал;
    92 келі. Сағындык Тоғамбай — Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) — 1/4 финал;
    +92 келі. Айбек Оралбай — Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) — 1/2 финал.

    Азия чемпионаты 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

    Украина құрамасы Азия чемпионатына арнайы шақырту алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →