Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • «Кеттік бәрін таста» фильмінің әні үшін 64 млн теңгеге сотқа шағым түсті • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • «Кеттік бәрін таста» фильмінің әні үшін 64 млн теңгеге сотқа шағым түсті • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды •

    Дәрігердің қателігі азаматты аяғынан айырды

    Дәрігердің қателігі азаматты аяғынан айырды

    Батыс Қазақстан облысында дәрігердің салғырттығынан бір азамат аяғынан айырылды. Бұл туралы Qazaq.today сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

    Фото: allmed.pro

    Облыстық соттың мәліметінше, Жәнібек аудандық сотында «Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің өз міндеттерін тиісінше орындамауы» туралы ҚК 317-бабы бойынша іс қаралды. Сотталушы аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол жұмысына немқұрайлы қараған.

    2023 жылдың 25 қазанында зардап шегуші аяғын жарақаттап алған. Оны ауруханаға жеткізгенде, дәрігерлер жараны антисептиктермен өңдеп, өлі тіндерді алып тастап, тігіп тастаған. Алайда, жара дұрыс тазаланбағандықтан, іріңді экссудаттың ағуына мүмкіндік болмаған. Нәтижесінде тіндер ісініп, инфекция пайда болған.

    2024 жылдың 10 қарашасында зардап шегушінің оң аяғы тобық деңгейінде кесіліп тасталды. Сотта зардап шегуші хирургтің шығынды өтеп, медиация тәртібімен татуласқанын мәлімдеді. Ол дәрігерді кешіріп, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді.

    Сот қылмыстық істің материалдарын зерттеп, бағалап, сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті ауырлығы аз қылмыстар санатына жататынын анықтады.

    Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →