Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды

    Павлодарда қарақшылар банктің қабырғасын бұзып кірген

    Павлодарда қарақшылар банктің қабырғасын бұзып кірген

    Павлодар облысының полиция департаменті белгісіз адамдардың банк қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

     «11 қарашада сағат 09:30-да полицияға банктің бір филиалында қабырғаның бұзылғаны туралы хабарлама түсті», – делінген полиция мәліметінде.

    Оқиға орнында тергеу-оперативтік тобы жұмыс істеп, мән-жай мен себептерді анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ бұл жағдайға банк өкілдері де түсінік берді.

    «11 қарашада таңертең банкке сағат 22:00-ден 23:00-ге қараған түні белгісіз адамдардың Павлодардағы Halyk бөлімшесіне (Естай көшесі, 40 мекенжайы бойынша) кіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Halyk филиалының қызметкерлері істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарына қолдау көрсетті», – деп мәлімдеді банк өкілдері.

    Осы орайда банктің баспасөз қызметі көпшіліктен жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұрады. Өйткені жалған мәлімет полицияның тергеу жүргізуіне кедергі келтіруі мүмкін.

    Фото: pavon.kz

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →