Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды

    Ұлттық валютаның мүшкіл халі: доллар 505 теңгеден асады

    Ұлттық валютаның мүшкіл халі: доллар 505 теңгеден асады

    Келесі жылы доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – сарапшылардың болжамы. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы өзгерістің болмайтынын айтқан еді. Кейбір экономистер оның сөзін қолдап, 460 теңгеден әрі аспайтынын меңзеді. Алайда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өз зерттеулерін ұсынып отыр, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

    — Айлық инфляцияның 2 еседен аса жеделдеуі және оның өзгеруінің жоғары амплитудасы базалық мөлшерлеменің төмендеу циклінің қайта басталуына кедергі келтіреді. Қаржы нарығы сарапшыларының көпшілігі алдағы 29 қарашадағы Ұлттық банк отырысында мөлшерлеме 14,25% деңгейінде сақталуы мүмкін деп санайды. Қалған бөлігі мөлшерлеме 14,0%-ға дейін төмендейді деп есептейді, — делінген Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы талдау орталығының мәлімдемесінде.

    Бүгінде биткоинның да құны көтерілген. Цифрлық валюта кейінгі тәулікте 5 пайыз өсіп, 80 мың доллардан асты. Апталық өсім 18%-ға тең. Сарапшылардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш.

    — Биткоин мен долларда өсім болса, Йемен риалы күрт төмендеді. Жалпы, әлемде экономикалық тұрақсыздық бар. Жақын арада бәрі өзгеруі мүмкін. Валютадағы өзгеріс экономикаға әсер етпей қоймайды. Менің ойымша, бәрі осымен тоқтайды деу қиын. Өзгерістерге алдағы уақытта да дайын болу керек, — деді экономист Тарик Әл-Сафа.

    Фото: inbusiness

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →