Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО) Жаңа техника мен жайлы жағдай: Қазақмыс Шатыркөл инфрақұрылымына 295,8 млн теңге бағыттады Алматы облысының жаңа әкімі тағайындалды Атырау тұрғыны полицияға күш қолданамын деп сотталып кетті «Көзі тірісінде басқа байда болды»: Мақпал Жүнісованың даулы мәлімдемесі қайта тарады Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қызметінен босатты Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО) Жаңа техника мен жайлы жағдай: Қазақмыс Шатыркөл инфрақұрылымына 295,8 млн теңге бағыттады Алматы облысының жаңа әкімі тағайындалды Атырау тұрғыны полицияға күш қолданамын деп сотталып кетті «Көзі тірісінде басқа байда болды»: Мақпал Жүнісованың даулы мәлімдемесі қайта тарады Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қызметінен босатты

    Атырауда зорлыққа ұшыраған қыз көмек сұрады

    Атырауда зорлыққа ұшыраған қыз көмек сұрады

    Атырауда 15 жасында еріксіз тұрмысқа шыққан қыз күйеуінен зәбір көргенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Өзін Мөлдір Амандық деп таныстырған қыздың видеосы «Президентке хат» телеграм арнасында жүктелді. Оның сөзінше, оған күйеуі қысым көрсетіп, қорқытып,  еркінен тыс мәлімдеме жасатып, телефонын сындырып тастаған.

    «Мен инстаграмдағы жазбаны кетіру үшін үндеу жасаған болатынмын. Алайда, мән-жайдың астарын ешкім білмейді. Міне, бүгін бар күш-жігерімді жинап, сіздерге қайтадан үндеу жасап отырмын. Не үшін? Себебі, сол жазба салынғаннан кейін күйеуімнің әкесі, органда жасайтын қайын ағам келіп, алып кетті. Олар маған бәрін өздерінің айтуымен ғана істетті. Өз еркіммен ештеңені жасаған жоқпын. Комиссия келіп тексергенде де, комиссия келмес бұрын да маған «осылай сөйле» деп бұйырды. Қорқытып, мені мәжбүрледі. Әлгі сөзді өз еркіммен айтпадым. Алдап, тастап кетті. Енді менде басқа амал жоқ. Анам қатерлі ісікпен ауырғасын, жүруге шамасы жоқ, күннен күнге әлсіреп барады. Комиссия шешімін алып, прокуратурадан осы істі қайта қарауды сұрайын десек, оған маған демеу болатын әкем де, анам да шарасыз болып отыр», — дейді Мөлдір Амандық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →