Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі •

    Сауд Арабиясында қар жауды

    Сауд Арабиясында қар жауды

    Фото: SPA

    Сауд Арабиясының кейбір аудандарында жаңбыр мен бұршақ жауып, салдарынан таулы аймақтарында қар пайда болды. Ыстық ел енді суық ауа райын сезініп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Кhaleejtimes порталына сілтеме жасап.

    Сауд Арабиясының баспасөз агенттігінің мәліметінше, өткен сәрсенбіден бастап Әл-Джауф корольдік аймағының кейбір аудандарында бұршақ пен нөсер жаңбыр жауған. Кейін таулы аймақтарды қар басып, таңғажайып қысқы көрініс жасады.

    Бұл қатты жауын-шашын салдарынан сарқырамалар пайда болып, қыстың басталуы мен кейін көктем мезгіліндегідей табиғат көрінісін тудырды. Лаванда, хризантема және көптеген хош иісті өсімдіктер сияқты маусымдық жабайы гүлдерімен танымал, Аль-Джауфтың ландшафты жақында жауған жаңбырдан табиғи сұлулыққа толы.

    Сауд Арабиясының метеорологиялық басқармасы алдағы күндері әл-Джауфтың көптеген аудандарында найзағай болуы мүмкін екенін ескертті.

    Синоптиктер алдағы уақытта аумақта бұдан да қатты нөсер жаңбыр, бұршақ пен қатты жел болады деп болжап отыр.

    Сонымен қатар 14 қазанда БАӘ Ұлттық метеорология орталығы (NCM) да кейбір аудандарда жауын-шашын, найзағай және ықтимал бұршақ болатыны туралы ескерту жасады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →