Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    TikTok-тың негізін қалаушы Қытайдағы ең бай адам болып шықты

    TikTok-тың негізін қалаушы Қытайдағы ең бай адам болып шықты

    Фото: X/Amb_Yiming

    TikTok сервисіне иелік ететін ByteDance компаниясының негізін қалаушы Чжан Имин Қытайдағы ең бай адамдар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Hurun іскерлік басылымына сілтеме жасап.

    Оның байлығы 49,3 миллиард долларға бағаланған.

    Басылымның мәліметінше, ByteDance-тің 2023 жылғы жаһандық кірісі 30%-ға өсіп, 110 миллиард долларға жетті, ал АҚШ-тағы TikTok қолданбасын пайдаланушылар саны 200 миллионға жақындады.

    Бөтелкедегі су өндірісінің атасы, 70 жастағы Чжун Шаньшан соңғы үш жылда алғаш рет бірінші орыннан айырылып, 47,9 миллиард доллармен екінші орынға түсті.

    Tencent негізін қалаушы Пони Ма 44,4 миллиард доллармен үшінші орынды иеленді, өткен жылдың соңына қарай WeChat қолданбасын пайдаланушылар саны 1,3 миллиардқа жетті.

    Жалпы алғанда, рейтингке дәулеті 5 миллиард юаньнан (шамамен 700 миллион доллар) жеткен 1094 адам кірді, Қытайдағы ең бай адамдардың саны 12%-ға немесе 147 адамға азайды. Оның ішінде 753 кәсіпкер долларлық миллиардер – 2023 жылмен салыстырғанда 142 адамға аз. Рейтингтегі Қытайдың ең бай адамдарының жалпы байлығы 3 триллион долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10%-ға төмендеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →