Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды

    Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

    Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

    Фото: canva.com

    Мемлекеттік қарыз 29 трлн теңгеге жуықтап қалғанына қармастан, 2028 жылдан бастап азая бастайды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Министр сөз басында мемлекеттің сыртқы қарызы қандай көлемде екені туралы мәлімет берді.

    «Қазіргі уақытта мемлекеттің борышы 28,7 трлн теңгені құрайды. Оны жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,7 пайызға жетті. Бірақ бұл келесі бес жылдықта 25 пайыздан аспайды. Санап отырмыз. Оның пайдалану тиімділігі жақсы», — дейді министр.

    БАҚ өкілдері тарапынан мемлекеттің сыртқы қарызы жыл санап көбейіп бара жатқанын, оның қашан азаятыны туралы сұрақ қойылды.

    «2028 жылдан бастап азая бастайды», — деп сендірді Мәди Тәкиев.

    Қазақстан қарызын төлей алмайтын уақытқа жетуі мүмкін бе?

    «Жетпейміз оған. Оны мемлекеттік ұйымдар дәлелдеп жатыр. Біз де қарастырып отырмыз. Оған жету үшін қанша жыл керек екенін білмеймін», — деп қаржы министрі қысқа қайырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →