Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті

    «Қолдау көрсетеміз»: P. Diddy-дің балалары әкесіне жала жабылғанын айтты

    «Қолдау көрсетеміз»: P. Diddy-дің балалары әкесіне жала жабылғанын айтты

    Американың рэп жұлдызы P. Diddy (шын есімі — Шон Комбс) туралы сот процесі алдында оның алты баласы бірігіп, әкесіне қолдау көрсеткен мәлімдеме жасады. 55 жастағы рэпер жыныстық қызмет үшін адамдарды саудалады деп айыпталып отыр және бұл іс АҚШ федералды сотында 5 мамырда қаралады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Dalymail.co.uk сайтының мәліметінше, P. Diddy-дің балалары, олардың сүйіспеншілігі мен қолдауы берік екенін айтып, отбасыларын еш жағдай сындыра алмайтынын атап өтті.

    22 қазанда Instagram-да балалары:

    «Соңғы айда біздің отбасымыз қатты зардап шекті. Көптеген адамдар бізді және әкемізді, теорияларына негізделген айыптаулармен, жалған мәліметтермен қаралап, айыптады. Біз біргеміз және әр қадамда саған қолдау көрсетеміз. Біз шындыққа сенеміз. Шындық жеңіске жетеді. Біздің отбасымыздың сағын ештеңе сындыра алмайды», — деп жазды.

    Еске сала кетсек, құқыққорғау органдары 54 жастағы рэпер енді өз өміріне қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Оның психикалық жағдайы тұрақталды. Ал отбасына оны түрмеде көруге мүмкіндік берілді. Адвокаттың айтуынша, P. Diddy өз қорғауына назар аударып, алдағы сотқа дайындалып жатыр.

    Фото: Instagram/the_combs_twins

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →