Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті •

    Үржарда молда 11 жастағы оқушы қызды джиппен қағып өлтірді

    Үржарда молда 11 жастағы оқушы қызды джиппен қағып өлтірді

    Абай облысында Toyota RAV-4 автокөлігі 11 жастағы қызды қағып, мерт етті. Көліктің тізгінінде жергілікті мешіттің имамы болған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Қайғылы оқиға 14 қазанда болды. 44 жастағы жүргізуші қызды сағат 11:40 шамасында қаққан. Апат салдарынан зардап шеккен қызды көлік жүргізушісі дереу ауруханаға жеткізді.

    — Апат салдарынан кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан Үржар ауданының ауруханасында көз жұмды. Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында, — деп мәлімдеді департамент өкілдері.

    Облыстың бас имамы Асқар Мұқанов бұл ақпаратты растады.

    — Автокөліктің рөлінде шынымен де ауыл мешітінің имамы болған. Айтуынша, ол жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмаған. Куәгерлердің айтуынша, қыз үйлердің бірінің ауласында байланған иттің үргенінен қорқып, жолға қарай жүгіріп шыққан. Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеген, — делінген ресми хабарламада.

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →