Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 700-ден асты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 700-ден асты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО)

Шығын 500 млн: Павлодардың пайдакүнемдері ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражатты жымқырған

Шығын 500 млн: Павлодардың пайдакүнемдері ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражатты жымқырған

Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мемлекетке жарты миллиард теңге шығын келгені анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізіліп жатпағаны белгілі болды. Өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады. Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған.

Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жинау жүзеге асырылуда, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді», — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланады. Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →