Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді

    «Бауырыма қастандық жасауы мүмкін»: Шерзаттың әкесі халыққа тағы да үндеу жолдады (ВИДЕО)

    «Бауырыма қастандық жасауы мүмкін»: Шерзаттың әкесі халыққа тағы да үндеу жолдады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан алынған кадр 

    Талғарда 16 жасында бұзақылардың қолынан қаза тапқан марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Құрметті қазақ елі! Сіздердің алдарыңызда басымды иемін. Көп-көп рахмет сіздерге. Мені қолдап, балам үшін қол ұшын беріп жатырсыздар. Мен Қонаев қаласының Ішкі істер департаментінен келдім. Ол жерде іс оң жағынан қаралып жатыр. Бізге адвокаттар келіп көмектесіп жатыр. Марқұм болған Салтанаттың ағасының да көмегі бар, ол кісіге де алғысымды айтамын, — деді Қаржаубай Нұрымов.

    Сондай-ақ ол халықтан митингіге шықпауын өтінді.

    Ешқандай митингіге шықпаңыздар, қантөгіс болмаса екен. Бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасай ма деймін. Сол себепті халқым өтініп сұраймын: еш көтеріліс керек емес. Өз қағидам – заң аясында дұрыс әрі әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын. Шыны керек, қандай да бір ақпараттар болып жатса, өзім ғана бөлісемін. Видеожазбаға, аудиожазба, фотоларға сенбеңіздер. Ақылы түрде адвокат жалдауға тура келеді. Өзім үшін қорықпаймын. Кім келсе де, қандай жағдай болсын сөйлесе алам, өз басыма жауап бере алам. Ал отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады, — дейді марқұмның әкесі.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Қызықты видеолар😍 (@dubsmash_kaz)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →