Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді •

    «Сізге сәлемдеме келді»: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

    «Сізге сәлемдеме келді»: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

    Павлодар облысында ұялы телефонға немесе WhatsApp қосымшасына қоңырау шалып, өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар пайда болған. Олар сізге интернет-дүкеннен сәлемдеме келгенін, оны алу үшін SMS-код жазу керегін айтады.

    Артынша алаяқтар телефонға қайта қоңырау шалып, өздерін тәртіп сақшылары немесе банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады. Сондай-ақ өзінен бұрын алаяқтардың қоңырау шалып, SMS-код сұрап, несие рәсімдемек болғанын айтады.

    «Ал алаяқтықтың алдын алу үшін олар өздеріне несие рәсімдеуді, алынған қаражатты өздері беретін түрлі банктік шоттарға аударуды сұрайды”, – делінген полиция хабарламасында.

    Полиция мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді дереу тоқтату кергін ескертті. Сонымен қатар болашақта күмәнді нөмірлерден келетін қоңырауларға жауап бермеу қажеттігін еске салды.

    “Бұл туралы «102» немесе банктің сенім телефонына хабарлау қажет. Банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жұмыс істемейді. Сақ болыңыз», – делінген полиция хабарламасында.

    Айта кетейік, бұған дейін Қостанайлық ер адам банк деректері, логин пен құпиясөздерді сатып, вирустар таратқаны туралы жазған едік. Осылайша күдікті 1,5 миллион теңге табыс тапқан екен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →