Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді •

    Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер оқушы қызды ұрып-соғып, кешірім сұрауға мәжбүрледі (ВИДЕО)

    Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер оқушы қызды ұрып-соғып, кешірім сұрауға мәжбүрледі (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында түсірілген видео тарады. Видеодан оқушы қыздың тізерлеп басқа қыздардан кешірім сұрап тұрғанын көруге болады. Видеоны түсірген жасөспірімдер оны балағаттып, қоқан-лоқы көрсетіп жатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқушыны бопсалап тұрған үш қыздың бірі видео түсіріп тұр. Қалған екеуі темекі тартып, қызға аузына келгенін айтып, тіл тигізді. Олардың бірі қызды бірнеше рет бетінен ұрып жіберді. Видеодан оқушы қыздың “қыздар, ұрмаңдаршы, өтінемін” деп жалынған даусын естуге болады.

    Жасөспірімдер қызды тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеп, 20 мың теңге ақша беруге міндеттеді.

    “Ертең екеуің 10 мың теңгеден 20 мың теңге қосыңдар. 20 мың теңге Kaspi-де тұратын болсын”, – деп оқушы қыздың жанындағы құрбысын меңзеді.

    Жергілікті полиция болған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

    “Жанжалға қатысы барлардың бәрі анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ата-аналарымен полицияға жеткізілді. Сондай-ақ барлық құқық бұзушылардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қарастырылады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолдауға материал дайындалып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →