Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады •

    Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Бесбаевтың сәбиіне азан шақырып ат қойды

    Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Бесбаевтың сәбиіне азан шақырып ат қойды

    Жақында үшінші сәбиі өмірге келген әнші Мейрамбек Бесбаев Әбдіжаппар Әлқожаға алғыс айтты.

    Мейрамбек Бесбаев қуанышты хабарды бірінші болып Әбдіжаппар Әлқожаға жеткізгенін айтты. Ол сәбиге азан шақырып ат қойған.

    “Әбдіжаппарды ортаға алып, әңгімені осыдан бастасам деп тұрмын. Досы екеуі «Аға, көкпар беріңіз» деді. Содан ниеттенейікші деп, Тараздың төрінде үлкен көкпар бердік. Артынша елдің дұғасы қабыл болып, Айзиядай қызымыз келіп отыр. Ең бірінші осы хабарды естіген кезде мен Әбдіжаппарға хабарластым. «Келші, ешкімге айтпайтын сырым бар» дедім. Қуанышым қойныма сыймай жатты. «Әбдіжаппар, сенің осы кішкентай ниетіңе осындай жағдайлар болды. Құдай қаласа, ұл бола ма, қыз бола ма, атын өзің қойып, азан шақырасың» дедім. Бұл қожаның баласы ғой. Көп нәрсені бізден жақсы біледі», – деді Мейрамбек Бесбаев.

    Айта кетейік, әншінің қызына Айзия деген есім берілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →