Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда

    “Менің ұлым емес“. Сәкен Майғазиев халықты алаңдатқан сауалға жауап берді

    “Менің ұлым емес“. Сәкен Майғазиев халықты алаңдатқан сауалға жауап берді

    Танымал әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ұлы Әділетке қатысты сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты Massaget.kz сілтеме жасап.

    Жақында әлеуметтік желі қолданушылары сүйіктісіне ұсыныс жасаған жас жігіттің видеосын көріп, видеодағы жігітті әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділетке ұқсатыпты. Тіпті жақындарының өзі Сәкен Майғазиевтен «Әділет үйленді ме?», «Ұлыңыз келініңізге ұсыныс жасады ма?» деп сұраған екен.

    Әнші толассыз келіп жатқан сұрақтарға жауап беріп, бұл тақырыптың нүктесін қойды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

    «Әділет үйленді ме?», «Ұлыңыз келіндеріңізге ұсыныс жасады ма?» деген сұрақтар келіп жатыр. Бұл бейнебаяндағы бала менің ұлым емес, Әділетке ұқсайтын жігіт екен. Қандай ұқсастық», – деп жазды әнші.

    Танымал әнші Жазира Байырбекова жазбаға «Әділеттің осындай видеосын көргім келіп кетті» деп пікір қалдырған.

    Сәкен Майғазиевтің жазбасына видеодағы жігіттің қызы: «Бұлай хит боламыз деп ойламаппыз. Жігітімнің Сәкен ағаның ұлына ұқсайтыны бар енді», – деп жазған.

    Айта кетейік, ұсыныс жасалған қыздың аты-жөні Айгерім Амангелді екені белгілі болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →