Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады «Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады

Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы қарт анасын ұрғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы қарт анасын ұрғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында 78 жастағы кейуананы ұрып-соққан ер адамға қатысты іс қаралды. Бұрынғы қала әкімінің ұлы қарт анасына қол көтергені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары айыпталушы 1946 жылы туған анасына қасақана дене жарақатын салғаны, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені және дәрменсіз күйде болған қарияға қатысты қылмыс жасағаны үшін ҚК 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тақты.

Белгілі болғандай, ер адам үйінде отырып, анасымен жанжалдасып, ашуға булыққан күйі кейуанының басы мен денесін жұдырықтап, аяғымен тепкілеген. Салдарынан қария жабық бас-ми жарақатын алған: мидың шайқалуының өткір кезеңі, оң көз орбитасының бүйір қабырғасының сынуы, оң жақ бетсүйек доғасының сынуы, оң жақ гаймор қуысының алдыңғы және артқы қабырғаларының сынуы, гемосинус дамуы, беттің көгеруі; оң жақтағы кеуде қуысының жабық жарақаты, 3, 4, 5, 6 қабырғаларының сынуы; бірінші бел омыртқасының жабық, асқынбаған компрессиялық сынуы тіркелген.

Қатыгездің кінәсі жәбірленушінің, куәгер болған көршілердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Прокурор айыпталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және талап-арыздарды толық қанағаттандыруды сұрады.

Ал қорғаушы тарап бас бостандығынан айырмайтын жеңілдеу жаза тағайындауды сұраған болатын.

Алайда сот оның жеке басын, кінәні жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың жоқтығын, сондай-ақ кінәсін мойындамағанын және жасаған ісіне өкінбегенін, жақын адамына — өз анасына дене жарақатын салғанын ескере отырып, бұл бап бойынша қатал жаза кесуді шешті.

«У.-ға 2024 жылғы 23 қыркүйектегі сот үкімімен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Талап-арыздар толық қанағаттандырылып, 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу сомасы, сондай-ақ адвокаттарға төленген шығындар өндірілді», — деп мәлімдеді Қарағанды қаласы Қазыбең би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →