Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 100 млн теңге: Қостанайда есірткі саудалаған студент ұзақ жылға сотталып кетті

    100 млн теңге: Қостанайда есірткі саудалаған студент ұзақ жылға сотталып кетті

    Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын. Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі (а-PVP) тәркіледі.  Осылайша, полиция айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді.

    Сондай-ақ үйден электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.

    Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны – шамамен 100 млн теңге. Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен 2 айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енді.Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай полициясы 63 келі түрлі есірткіні тәркіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →