Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    Қытай мен ТМД елдері Қазақстанға көшіп келген мигранттар саны бойынша көш бастады

    Қытай мен ТМД елдері Қазақстанға көшіп келген мигранттар саны бойынша көш бастады

    Фото: freepik.com

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ерсаев 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тұруға келген мигранттар саны бойынша Қытай мен ТМД елдері көш бастағанын жеткізді.

    Вице-министрдің сөзінше, көші-қонның қарқыны елде 2022 жылдан бері байқалып келе жатыр екен. Алты айда республикаға 14 мыңнан астам адам келген. Ал 7 мың адам елден кеткен. Осылайша көші-қонның қарқыны +7,3 мың адам деңгейінде қалыптасты.

    «Көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытай Халық Республикасына тиесілі. Оң қарқын білім деңгейінде де байқалады. Елге білімді адамдар көбірек келді. Олардың қатарында техникалық мамандар, педагогтар, экономистер бар», — деді Ерсаев.

    Сондай-ақ ішкі көші-қонның да өсімін атап өтті. Алты айда ел ішіне көшіп келушілер саны 688 мың адамға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.

    Бұл ретте ішкі мигранттардың мегаполистерге көшіп келуі жалғасуда. Астанаға тұрақты тұруға 64 мыңнан астам адам, Алматыға — 60 мыңға жуық адам, ал Шымкентке — 31 мыңнан астам адам келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →