Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    Абай облысындағы қайғылы жағдай: компания басшылығы түсінік берді

    Абай облысындағы қайғылы жағдай: компания басшылығы түсінік берді

    Абай облысындағы Орловская шахтасында тау-кен опырылып, KAZ Minerals қызметкері мерт болды.

    KAZ Minerals тобы Абай облысындағы Орлов шахтасында болған қайғылы оқиға туралы хабарлады.

    19 қыркүйекте шамамен сағат 14:20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның 2 жұмысшысы жарақат алған еді. Оған тау-кен массасының опырылуы себеп болған.

    Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші жұмысшы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты.

    — Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды, — делінген хабарламада.

    KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →