Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    Жақында түрмеден шыққан Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды

    Жақында түрмеден шыққан Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды

    Жақында бостандыққа шыққан блогер Мұрат Әбділдә бірден үш рекорд орнатып, миллионер атанды.  Qazaq.today бұл туралы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Мұндай есептеулерді Politico саяси-әлеуметтік порталы жүргізген. 18 қыркүйекте TikTok-та басқа блогермен батлға шыққан Мұрат Әбділдә бірден үш рекорд орнатқан.

    Ең әуелі ол TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд жаңартқан. Блогер жарты сағаттың ішінде 151,5 миллион лайк жинап үлгерген.

    Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд саналады.

    Үшінші рекорд — Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен.

    Сонымен қатар тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 «алмас» жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңгеге бағаланады.

    Еске салайық, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әлеуметтік желідегі әндерімен танымал.

    Мұрат Әбділдә биыл 9 қыркүйекте мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →