Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізетін уақыт белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізетін уақыт белгілі болды

 Фото ©️ No Limit Boxing

Лас-Вегаста екі чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу сәтінде есінен танып, ауруханаға түскен Әлімханұлының сол кездесудегі қарсыласына қарсы қайта жекпе-жекке шығатын күні анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Денсаулығына байланысты Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жекке шыға алмай қалған отандасымыздың жекпе-жегінің уақыты ресми бекітілді. WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық былғары қолғап шеберінің жекпе-жегі 4 қазанда Сиднейде (Аустралияда) өтеді. Бұл кездесуде тек IBF чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек еді. Бірақ отандасымыз салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді. Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шықты. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңсе, Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтты.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →