Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты

    Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты

    Алматыда “Барахолка” базарының Жетісу ауданы аумағында орналасқан бөлігінде өрт шықты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер 13:26-да жалынмен күресуге кіріскен. Ал 13-50-де өрт оқшауланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Төтенше жағдайлар департаментінің техникасы өрт болған аумаққа бірден жете алмаған. Себебі базар аумағында ретсіз қойылған көліктер арнайы техникаға кедергі келтірді.

    «Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы базарының аумағында орын алған жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өртке қарсы оқпандар өрт орнына үздіксіз су беріп, көршілес салынған қойма үй-жайларын қорғауға бағытталды. Өрт 13:50-де оқшауланды. Қойма үй-жайлардан тауар мен материалдық құндылықтар эвакуацияланды. 14:13-те өрт толығымен жойылды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →