Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ?

Су тасқынын болжау үшін Үкімет резервінен 576 млн теңге бөлінді

Су тасқынын болжау үшін Үкімет резервінен 576 млн теңге бөлінді
Фото: Primeminister.kz

Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге бағытталатын болады.

Атап айтқанда, қаражатты «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су метрология» филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарланып отыр.

Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Алынған деректер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін берілетін болады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика