Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды •

    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды

    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды

    Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Worldboxingnews ақпараты бойынша отандасымыз 19 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтеді. Міндетті қарсылас болып бекітілген жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады.

    Әлімханұлы мен Михайлович кездесуі бокс кешіндегі екінші маңызды жекпе-жек болады. Басты шайқаста Тим Цзю мен Бахрам Муртазалиев жұдырықтасады.

    Бастапқыда Жәнібек пен Андрей жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған еді. Алайда отандасымыз салмақ қуу кезінде есін жоғалтып, ауруханаға түсіп, шайқас кейінге қалдырылған болатын.

    Айта кетейік, қазір қазақстандық боксшы оқу-жаттығуын елімізде өткізіп жатыр. Оған ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжанов көмектесуде.

    Фото: Top Rank

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →