Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рүстем Жаныаманов ұлының қазасынан кейін жан сырын ақтарды • Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді • «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды • «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • Рүстем Жаныаманов ұлының қазасынан кейін жан сырын ақтарды • Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді • «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды • «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды •

    «Қарастырамыз»: Үкімет ШҚО-ның уақыт белдеуін қайта қарауы мүмкін

    «Қарастырамыз»: Үкімет ШҚО-ның уақыт белдеуін қайта қарауы мүмкін

    Жуырда бір топ мәжілісмен бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді. Әсіресе, «Шығыс Қазақстанда таң 02.30-да атады» деген депутаттардың айтқан ұсынысын Үкімет қарастыратын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Жалпы соңғы 10 жылда уақыт белдеуіне көшу мәселесін талқылап келеміз. Бұл мәселеде мамандар мен сарапшылардың үлкен тобы жұмыс істеп жатыр. Осылайша, былтыр бір белдеуге көшеміз деп шештік. Қазір депутаттық корпус бұл мәселені көтеріп отыр. Олар өз ұсыныстарын береді, соны қарастыратын шығармыз», – деді бүгін Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

    Ол Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқанына жыл да толған жоқ, сондықтан әзірге денсаулық сақтау саласы мен энергия тұтыну саласында ешқандай мәселе туындамаған деп отыр.

    Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Шығыс Қазақстан облысын UTC+6 сағаттық белдеуін қайтару керек» деп өз ұсыныстарын айтқан.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →