Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Атырауда екі жасар бүлдіршін оқыс жағдайға тап болды

    Атырауда екі жасар бүлдіршін оқыс жағдайға тап болды

    Атырау облысында 2 жасар қыз электр бағаны үшін қазылған терең шұңқырға құлап кеткен. Оны Индер ауданындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Нұрлыбек Саламатов алып шыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде болған.

    Өрт сөндіру бөліміне түскен шақыртумен оқиға орнына әріптестерімен бірге келген жүргізуші Нұрлыбек Саламатов терең шұңқырға еңкейіп, батыл әрекет етті. Жүргізушінің аяғын қасындағы құтқарушылар ұстап тұрған. Жүргізуші қолын созып, кішкентай қызды қауіпті аумақтан тез шығарып алған.

    «Балаға медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мұндай құтқару операцияларын жиі жүргізеді. Олар адам өмірін сақтап қалу үшін әр секундтың маңызды екенін түсініп, тез әрекет етеді. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

    Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзеніне батқан үшінші жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылғанын хабарлаған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →