Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты •

    Алматы облысы: Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қамауға алынды

    Алматы облысы: Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қамауға алынды

    Алматы облысы Іле ауданының әкімі Багдат Қарасаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Антикор тарапынан ұсталды.  Әкім қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен аудан әкімі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат таратылуға жатпайды”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің баспасөз қызметі. 

    Оған лауазымдық міндеттерін теріс пайдалану және билік немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша айып тағылуда.

    Ол 1964 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Жетісу облысы) Дзержинск (Тоқжайлау) ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына түсіп, 1986 жылы “қатынас жолдары инженері” мамандығы бойынша бітірді. Кеңес Армиясында қызмет еткеннен кейін туған ауылына оралып, СПТУ–1 оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істей отырып, қарапайым мұғалімнен мектеп директорына дейінгі жолдан өтті.

    2001-2004 жылдары “Алакөл–Агро“ ЖШС, “ТЅС–Агро“ ЖШС, “Тау–Самал Ltd” компаниясы ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

    2004 жылдың қазан айында Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, ал келесі айда сол ауданның әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2011 жылдың мамырына дейін жұмыс істеді. Кейін облыс әкімдігіне әкім аппаратының басшысы лауазымына ауыстырылды. 2015 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінде Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →