Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды •

    Алматыда жылу желілері басшыларына сот үкімі шығарылды

    «Алматы жылу желілерінің» бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін:

    «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;

    АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;

    АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Жыңғылбаев 560 млн теңге көлеміндегі айыппұлға;

    пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды.

    Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

    Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

    «АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді», — делінген Антикор хабарламасында.

    ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →