Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды •

    Қазақстандық студент пара-армрестлингтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық студент пара-армрестлингтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Абай облысындағы Бизнес және сервис колледжінің 2-курс студенті Арайлым Игимбаева Молдованың Кишинев қаласында өткен армрестлинг және пара-армрестлинг бойынша әлем чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Чемпионатқа Германия, Франция, Армения және Қазақстан сияқты 60 елден 1200-ден астам спортшы қатысты. Арайлым 50 кг салмақ дәрежесінде сол және оң қолмен күресуде 1-ші орынды жеңіп алып, екі алтын медаль иеленді.

    Арайлым Игимбаева «Тігін өндірісі» мамандығы бойынша 2-курста білім алуда. Оны бала кезінен бастап спортқа баулыған жаттықтырушысы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеті дүркін әлем чемпионы, жиырма дүркін Азия чемпионы Данияр Тайменов. Облыстық, республикалық жарыстардан бастап, қазір халықаралық аренада жеңіске жетіп отыр.

    2023 жылы ол Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында І орынды жеңіп алған. Абай облысының спортшылары бұл чемпионатта жалпы 4 алтын және 3 күміс медальды қанжығаларына байлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →