Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды •

    Қазақстанға еуропалық компаниялар келмек

    Аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты көптеген еуропалық компаниялар біздің елге келуге ниет білдіруде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко осылай мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «Аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты көптеген еуропалық компаниялар біздің елге келуге аса зор қызығушылық танытуда. Бүгінгі таңда Ұлыбритания, Литва, Дания және Чехияның ірі компанияларымен Қазақстанда жаңа өндіріс ашу, олардың аймақтық кеңселерін ауыстыру туралы нақты келісімдер жасалды», — деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

    Роман Василенконың айтуынша, қазіргі таңда елімізде еуропалық капиталмен жұмыс істейтін 3 мыңнан астам компания бар.

    Сонымен бірге министрдің орынбасары былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →