Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты •

    Бұрынғы премьер-министрдің үстінен іс қозғалды

    Бұрынғы премьер-министрдің үстінен іс қозғалды

    Бангладеште халық толқулары кезінде ер адамның өліміне байланысты бұрынғы үкімет басшысы Шейха Хасинаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Тамыздың басында премьер-министр Шейх Хасина елдегі наразылықтардан кейін отставкаға кетті. Ол әскери ұшақпен Үндістанға қашып кетті.

    Студенттердің наразылықтары кезінде 400-ден астам адам жарақат алды, қаза тапқандар да бар. Reuters жазуынша, бұрынғы премьер-министр наразылыққа қатысқандарға қатысты «ең қатаң шара» қолдануды бұйырған.

    Кәсіпкер Амир Хамза экс-премьер Шейха Хасинаға қарсы арыз берді. Ол бұрынғы үкімет басшысын наразылық акциясы кезінде кездейсоқ оққа ұшқан азық-түлік дүкенінің сатушысын өлтірді деп айыптап отыр.

    «Мен Шейха Хасинаның қылмыстарына қарсы осы заңды қадамды жасауға батылдық танытқан алғашқы қарапайым азаматпын. Мен істі соңына дейін апарамын», — деді кәсіпкер.

    Тергеуде Хасинадан бөлек бұрынғы үкіметтегі тағы 6 адамның аты аталады.

    Фото: EPA

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →