Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Армения тағы да ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспайды

    Армения тағы да ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспайды

    Армения ҰҚШҰ-ның кезекті оқу-жаттығуына қатысудан бас тартты. Ұйымның және «Өзара іс-қимыл – 2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы Армения әскери қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

    Жаттығулар Қырғызстан аумағында 3-15 қыркүйек аралығында өтеді.

    Ұйым сайтындағы мәлімет бойынша оқу-жаттығуларға мына контингенттер қатысатыны айтылған:

    ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері;

    Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрліктері;

    Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы және Ресейдің ұлттық гврдиясы;

    Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының арнайы қызметтерінің өкілдері;

    Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

    ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының жедел топтары.

    Армения тарапы оқу-жаттығуларға қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп хабарлады. Еске сала кетейік, 2023 жылғы қаңтарда Арменияда ҰҚШҰ жаттығулары тоқтатылды.

    Фото: Central Asia media

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →