Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы •

    Мемлекет басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

    Мемлекет басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
    Мемлекет басшысы 5 тамыз күні елімізге іссапармен келген Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 15:01

    Фото: akorda.kz

    Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді.

    Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 15:01

    Фото: akorda.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →