Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Шахтада апат салдарынан мүгедек болған тұрғын компаниядан 5 млн теңге өндіріп алды

    Шахтада апат салдарынан мүгедек болған тұрғын компаниядан 5 млн теңге өндіріп алды

    Ақтөбе қаласының №3 сотына жүгінген тұрғын жұмыс берушісінен 5 млн теңге моральдық зиянды өндіріп алды. 

    Іс құжаттарына сәйкес, арызданушы 2022 жылдан бастап шахтада бекіткіш қызметін атқарған. Жұмыс уақыты кезінде тау массасы кенжардан табиғи бөліну арқылы оның үстіне құлап, есінен танып қалған. Жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алып, оған ота жасалып, ІІІ топтағы мүгедектік белгіленген.

    Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актісіне сәйкес, жұмыс берушінің 80% кінәсі және талап қоюшының 50% еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі анықталды.

    «Сот жазатайым оқиға салдарынан жұмысшының денсаулығына елеулі зиян келтірілгенін, алған жарақаттың ауырлығын, алдағы уақытта ота жасалуымен жоғалған денсаулықты қалпына келтіру бойынша оңалту курстарын ескеріп, оның талабын толық көлемде қанағаттандырды», – делінген сот хабарламасында.

    Жұмыс берушіден ер адамның пайдасына 5 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

    Сот шешімі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →