Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты

    Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

    Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

    Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ойынға әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі ойындардың ашылу салтанатына орай көшеде қауіпсіздік қызметтері де күшейген.

    Ресми емес дерек көздеріне сүйенсек, ашылу салтанатында олимпиада алауын жеңіл атлетикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы Мари-Жозе Перек мен даңқты футболшы Зинедин Зидан жағуы мүмкін. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстангенің ашылу салтанаты туралы аз-кем ақпарат берді.

    «Олимпиаданың ашылу салтанаты қаншалықты маңызды екенін білеміз. Сондықтан да, біз әу бастан құлшынысымыз мықты болды. Бұл ашылу салтанаты біздің ойынға деген құлшынысымызды көрсетіп, Франциядағы жақсы нәрселердің бәрін паш еткенін қалаймыз», — деді ол.

    Спортшылар шеруі Сена өзенінде өтеді. Әрбір делегация өз қайығымен жүзіп өтеді. Бағыттың ұзақтығы алты шақырым. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.

    Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады. Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ, Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.

    Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннистен сынға түседі.

    Сондай-ақ олар велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен жарыс жолына шығады.

    ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Эйфель мұнарасының етегіндегі Трокадерода орналасқан Чемпиондар саябағында марапатталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →