Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты •

    Амангелді Сейітханның ұлы Париж Олимпиадасында комментатор болады

    Амангелді Сейітханның ұлы Париж Олимпиадасында комментатор болады

    «Хабар» агенттігінің басшылығы жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында қазақ спорт жанкүйерлерін қуантып, белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхан марқұмның ұлы Бекасыл Сейітханға тізгін ұстатты.

    «Хабар» агенттігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Бекасыл Сейітхан спорт журналисткасына бала кезден құмартқан. Алайда онысын байқатпағандықтан әкесі үйінде болашақ комментатордың өсіп келе жатқанын мүлде білмеген. Әкесі көз жұмған соң, комментатор ісін қолға алып, ізін жалғастыруға кіріскен. Жеке спорт арнасында шеберлігін шыңдап жүрген Бекасыл Сейітхан 1 жылдан астам уақыт ішінде 100-ден астам эфир жүргізген. Осы Олимпиадаға іріктеу кезеңдерін де жүргізген, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Әкесінің асыл қасиеттері Бекасылға дарыған, танымал комментатор болатынына сенімдіміз. Жас комментатор болған соң көрермендер түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз», дейді спорт журналистикасындағы ағалары.

    Одан бөлек, Олимпиада-2024 ойындарында «Ел арна», «Хабар» арналарынан 7 спорт комментантаторы жұмыс істейді.

    Жас комментатор Бекасыл Сейітханның Париж Олимпиадасындағы алғашқы эфирін 27 шілде күні сағат 14:00-де «Ел арна» телеарнасынан тамашалауға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →