Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты •

    Билетcіз адам алған жолсеріктер жұмыстан қуылады

    Билетcіз адам алған жолсеріктер жұмыстан қуылады

    Енді билетcіз адам алған жолсеріктер жұмыстан қуылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазіргі уақытта жолсеріктердің жұмысы қызу тексеріліп жатыр. Сондай тексерістердің бірінде Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатылған оқиға тіркелген. Ал Шымкент станциясында билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен.

    Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтіп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

    Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе +7 776 714 5686 ватсап-нөміріне фото, аудио, бейнематериалдар ұсына отырып, жолаушыларды билетсіз тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы хабарлауға шақырады.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →