Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі •

    Ұлттық банк алаяқтар ақша ұрлауға пайдаланатын телефон қосымшаларын атады

    Ұлттық банк алаяқтар ақша ұрлауға пайдаланатын телефон қосымшаларын атады

    Фото: pixabay.com

    Қазақстан Ұлттық Банкі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашу, сондай-ақ қызметтік куәліктерді қолдан жасауға байланысты жаңа алаяқтық схемалар пайда болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Алаяқтар WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде немесе ВКонтакте, Одноклассники, Facebook әлеуметтік желілерінде Қазақстан Ұлттық Банкі басшылығының атынан жалған аккаунттар ашып, сол арқылы жаппай фишинг хабарламалар таратуда.

    Тексерілмеген аккаунттарға және күмәнді телефон қоңырауларына сенбеуге, жеке мәліметтерін жария етпеуге, күмәнді сілтемелерге кірмеуге, бөтен адамдардың нұсқауы бойынша HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқа да бағдарламаларды орнатпауға шақырамыз. Себебі алаяқтар интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізге кіріп, ақшаңызды шоттан шығарып алуы мүмкін, — делінген хабарламада.

    Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске салады.  Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →