Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді •

    «4,5 млрд теңгеден аса ақша ұрлаған»: Жетісу облысында мемлекет қаржысын жымқырған 21 есепшіге сот үкімі шықты

    «4,5 млрд теңгеден аса ақша ұрлаған»: Жетісу облысында мемлекет қаржысын жымқырған 21 есепшіге сот үкімі шықты

     Ұйымдастақын қылмыстық топ құрғанбілім бөлімінің бас есепшісі мен оның сыбайластары 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

    21 сотталушының үш жыл бойы іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға және мектеп қызметкерлеріне айлықтан бөлек ақша аударып келгені дәлелденді. Осылайша олар 4,5 млрд теңгеден аса бюджет қаражысын ұрлаған. Аталған заң бұзушылықтарға көз жұмып келген ревизиялық комиссияның басшысы мен оның мүшелерін прокуратура тексеріп жатыр.

    Судья қылмысты ұйымдастырған үш айыпталушыны 12 жылдан 15 жылға дейін, ал басқа сотталушыларды 7 жылдан 11 жылға дейін бас  бостандығынан айырды. Тағы екі есепші келтірілген шығынды толығымен өтегендіктен 7 жылға шартты түрде сотталып, енді біріне қатысты іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

    Адвокат сотталушыға өте қатаң жаза тағайындалды деп санайды.

    “Прокурор сотталушыға не себепті бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанын негіздемеді. Неге ондай адамдар қоғамнан оқшаулау керек? Ол бұған дейін сотталмаған. Денсаулығын, жасын ескеруге болатын еді”, – дейді заң өкілі Динара Әбдікәрімова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →