Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды •

    Шымкентте мектеп есепшісі өзіне 64 млн теңге «сыйақы» берген

    Шымкентте мектеп есепшісі өзіне 64 млн теңге «сыйақы» берген

    Шымкентте өзіне 64 миллион теңге заңсыз «сыйақы» берген есепші сотталды. Бұл туралы Qazaq.today порталы Stan.kz сілтеме жасап хабарлайды.

    Фото: freepik.com

    Сот мәліметінше, орта мектептің бас есепшісі ай сайын өзінің шотына бекітілген жалақысынан жоғары сома аударып отырған. Соның салдарынан бірнеше жыл ішінде мектеп бюджетіне 64 миллион 295 мың теңге залал келтірілген.

    Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен, жәбірленуші өкілінің айғақтарымен, заттай және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сот барысында прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал сотталушының өзі оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

     

    «Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді. Сот К-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды», – делінген сот хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →