Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    ҰҚК экс-төрағасының орынбасары тағы тергеліп жатыр

    ҰҚК экс-төрағасының орынбасары тағы тергеліп жатыр

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша күдікке ілініп, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

    «Д. Ерғожинге қатысты тергеу қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жымқыру)» 218-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында және «аса ірі мөлшерде пара алу» 366-бабының 4.4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жалғасып жатқанын хабарлаймыз», — делінген редакция жолдаған сауал жауабында.

    Сондай-ақ, ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің егжей-тегжейі жария етілмейтінін жеткізді.

    Бұған дейін БАҚ беттерінде Дәулет Ерғожиннің «GitHub» қытайлық сервистеріне қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына байланысты іс бойынша күдікке іліккені туралы ақпарат тараған еді.

    Еске сала кетейік, 2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты үкім шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →