Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Әйелі мен балаларын үйінен күшпен қуып шыққан Марат Әйтенов 5 тәулікке қамалды

    Әйелі мен балаларын үйінен күшпен қуып шыққан Марат Әйтенов 5 тәулікке қамалды

    Фото: Zakon.kz

    Жоғарғы сот Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновке қатысты ісі қарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі сөйлеген. Осылайша басқа адамдардың да тыныштығын бұзған.

    “Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, бұрынғы жұбайы оның өтінішімен балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегені. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Сондай-ақ ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын айтып ақталды”, – делінген хабарламада.

    Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде күш көрсетіп, оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтірген. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады.

    “Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық турылы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды”, – деп мәлімдеді ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →