Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді •

    Алматы теміржол вокзалының басшысы жұмысынан шеттетілді

    Алматы теміржол вокзалының басшысы жұмысынан шеттетілді

    ҚТЖ-ға билеттерді заңсыз қайта сатумен байланысты жолаушылардан бірнеше рет шағым түсті, дейді компанияның баспасөз қызметі.

    «Алматы-1 теміржол вокзалында билеттерді қайта сатып алушылармен күрес аясында Қазақстан темір жолы қызметкерлері жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, өз тергеуін жүргізді. Нәтижесінде билеттерді заңсыз қайта сату және темір жол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау фактілерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан», – деп мәлімдеді ҚТЖ.

    Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Вокзал бастығы тергеу жүргізу кезеңінде лауазымынан шеттетілді. Оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексеру еліміздің барлық вокзалында жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →