Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы •

    Астанада жас жігіт көшенің қақ ортасында бойжеткенді соққыға жықты

    Астанада жас жігіт көшенің қақ ортасында бойжеткенді соққыға жықты

    Әлеуметтік желіде даулы видео пайда болды. Онда әйел көшеде жігіттің қызды ұрып жатқанын айтқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Видео авторлардың айтуынша, жігіт камераны көргенде ұруды тоқтатқан.

    «Мен мұны сіздің ұрғаныңызға дәлел болсын деп видеоға түсіріп тұрмын. Міне, қызды ұрғаныңызға мына әйел куә. Қызды жайына қалдырыңыз. Қазір полиция келеді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек», — дейді видео түсіріп тұрған әйел.

    Желі қолданушылары жігіттің бұл қылығын сынап, пікір қалдырған.

    «Қыздар, мұндай жігіттерден қашыңдар», «Бей-жай өтіп кетпеген адамдарға көп рақмет», «Әскерге жіберу керек», «Қызды қатты қорқытып тастаған сияқты», — деп жазған олар.

    Аталған оқиғаға қатысты Астана Полиция департаменті өкілдері ресми жауап бермеді.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →