Басты бет » Режеп Тайып Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Режеп Тайып Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Түркия — ұйымға серіктес ел.

Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика