Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Түркістан облысында аптап ыстық салдарынан жол жарылып кетті

    Түркістан облысында аптап ыстық салдарынан жол жарылып кетті

    «ҚазАвтоЖол» компаниясының Ресей шекарасы (Самара) – Шымкент тас жолының учаскесінде аптан ыстықтың салдарынан бетон плиталар жарылып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркістан облысында 27 маусым күні сағат 19:30 шамасында ауа температурасының нормадан тыс (+45 — +50 градус) болуына байланысты М-32 «РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент» Түркістан қаласы бағытындағы республикалық тас жолының 2155-ші шақырымында цемент-бетон плиталары көтеріліп, жарылған.

    «Қазір жолдың бұзылған бөлігінде ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 4 бірлік техника мен 10 жол жұмысшысы жұмылдырылған», – деді баспасөз қызметі.

    Фото: «ҚазАвтоЖол» компаниясы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →