Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Ауыл квотасымен оқып, жұмыс істемегендер бюджетке 3,3 млрд теңге қайтарады

    Ауыл квотасымен оқып, жұмыс істемегендер бюджетке 3,3 млрд теңге қайтарады

    2021-2023 жылдары мемлекеттік ауыл квотасы аясында жоғары оқу орнында білім алып, алайда ауылда жұмыс істеу міндеттемесін орындамаған жастардан грант шығынын өндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Вице-премьердің мәліметінше, қазіргі таңда 19 адам мемлекетке 44 018 122 теңге қаржы қайтарған. Одан бөлек 1564 жас маманға қатысты мемлекеттік бюджетке 3 328 408 235 теңге қайтару бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

    Олардың ішінде 494 адамның ісі бойынша сотқа талап-арыз түсірілсе, қалғандарымен сотқа дейінгі реттеу жұмыстары қолға алынған. Қазірдің өзінде соттың 79 001 072 теңгені қайтару бойынша 36 адамға қатысты шешімі шығып үлгерген.

    Ауылда жұмыс істеу міндеттемесін орындайтындардың көптігіне қарамастан, Қазақстанда ауыл квотасының мөлшері 30-дан 35 пайызға артқан. Соған сәйкес, 2023 жылы 14 162 адам ауыл квотасы бойынша грант иеленсе, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,5 мыңға көп.

    Еске салайық, таяуда бір топ мәжіліс депутаттары ауыл квотасымен білім алған жастардың ауылда жұмыс істемейтініне алаңдаушылық білдірген болатын. Олардың мәліметінше, 2021-2023 жылдары ауыл квотасымен оқыған 7771 адамның тек 2606-сы ғана ауылдық елді мекендерде жұмыс істейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →